«Көнеміз ғой қайтеміз көнбегенде…»

0 98

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген, қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізді.
Кеш Мұқағалидың сөзіне жазылған әсем ән мен ақынның өз дауысыңдағы өлеңімен ашылды.
«Болашақ» мектеп интернатының зағип оқушылары ақынның сөзіне жазылған «Көнеміз ғой» әнін орындап, көрермендің көңілін толқытты.
Кітапхананың қыздары бір сәтте, сонау, 80 жылдың бойжеткендеріне айналып, ақынның махаббат пен сезімге толы, шынайы жырларынан шашу шашты. Ал, тұрақты оқырмандар, Пірманов Махмұд сезім мен суретке толы махаббат тақырыбынадағы ақынның «Ұнатамын», Өтеулов Әнуарбек «Қариялар азайып бара жатыр» әндерін тарту етті. Шара соңында «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, Тұрымбек Айсұлудың орындауында ақын сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.