"Талаптың мініп тұлпарын..."

Көңілдегі картина

Нұрлан Әбдікәрімов,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университетінің студенті

Қайдан ғана —
…өміріне құл болған өркөкірек қалпында,
Алпыс екі тамырына бағынбайтын, солқылдап,
Ішкі әлемнің ханзадасы жауынгерін түгендеп,
Он екінің басын қосты,
Тірлік таппай түнерген.

Жүрек пен ми дамыл таппай мың толғанып, жүз ойлап,
Алаулаған өкініштердің көкірегінде мұз ойнап,
Мұрнын кесіп беріп жатыр уәдесінде тұрмаған —
Киесі өлген сөздер үшін күні-түні мұңданам.

Екі көз тұр нұрыменен қиялдарға сөз бермей,
Бұл өмірді таңданыспен күнде алғаш рет көргендей.
…Досым шеккен мұңдарының түтініне тұншығып,
Ақыл емес, ең алдымен ашуына құлшынып,
Достық сезім арамызда нәзіктікпен айқасты,
Құдіретті тыныштық құшағыма жайғасты.
…Түсінбеймін.

ПІКІР