Sport

Қонысбаев қайта оралды!

Written by Aray2005

Тараздық талант, жерлесіміз Ұлан Қонысбаев футбол алаңына қайта оралды. Қазақстан – Қытай құрамасы арасындағы жол­дас­тық кездесуден кейін ауыр жарақат алған футболшымыз араға екі жыл салып, жасыл алаңға шығып отыр.

Ұлттық құраманың ойыншысы болған Ұланның елордалық «Астана» командасымен жаттығу жиындарын өткізіп жүргенін бұған дейін де естіген болатынбыз. Ал, өткен жексенбіде Қонысбаев төменгі лигадағы «Ақтөбе-Жас» клубының сапында «Қайрат А» футболшыларына қарсы әдемі ойын өрнегін көрсетті.
Жерлесіміз кездесудің 90 минутын алаңда өткізбесе де, «ақтөбелік» команданың ойынын ширатуға барынша үлесін қосты.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

ПІКІР