Көп балалалы отбасын құттықтап барды

0 0

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Тараз қаласындағы емдеу-алдын алу мекемелерінде тіркеуде тұрған  көпбалалы, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған бірнеше отбасылардың  шаңырақтарына  құттықтап барып, оларға азық-түлік, балаларға киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар беру арқылы  сый-сияпат жасады. Басқарма басшысымен бірге №5 қалалық емханасының бас дәрігері Динара Сәрсенова және осы мекеменің учаскелік дәрігері, медбикесі де бірге барып, балаларды медициналық тексеруден өткізді.

1976 жылғы Әлия Шалдыбаеваның 7 баласы бар. Жолдасы – қарапайым жұмысшы. Б.Момышұлы көшесінде 1 бөлмелі пәтерде тұрады.

 Басқарма басшысы көп балалы анаға ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдіріп,  Ә.Шалдыбаеваға балаларымен санаторийға жолдама қарастыруды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.