Қордай оқиғасына қатысты сот отырысы өтуде

0 50

Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын айрандай ұйыған ауылдардың астан-кестеңін шығарған атышулы Қордай оқиғасына қатысты сот ісі аяқталуға жақын.

Дәл қазір ауылдардағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған азаматтарға қатысты іс сот залында қаралуда.

Сот отырысы барысында судья 1 сағатқа жуық уақыт 51 күдіктіге қатысты сот үкімін оқыды.

Айта кету керек, сот отырысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Тараз қалалық №2 сотында онлайн-трансляциямен қамтылған арнайы зал дайындалған.

Мұнда республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиылып, отырысты тікелей эфирде тамашалауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.