Қоғам

Қордайлық кәсіпкерлер коронавируспен күреске белсене кірісуде

Written by Aray2005

Елді жайлаған коронавирус пандемиясымен күресте қордайлық кәсіпкерлер жан-жақты атсалысуда. Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен қаржылай қолдау көрсетсе, бүгінгідей індет белең алған сәтте аудандық орталық ауруханаға ең қажетті деген медициналық аппараттар алуға демеушілік жасауда. Бүгін осындай ауданның жомарт жанды азаматтары 4 бірдей арнайы өкпеге ауа беру концентратор аппараттарын, аудандық орталық ауруханаға жеткізді. Осылайша аудан әкімінің бастамасымен қордайлық кәсіпкерлер, аудандық мәслихат депутаттары індетке шалдыққан жерлестерін емдеуге барынша көмек көрсетуде.
⠀Айта кету керек, дәл осындай арнайы өкпеге ауа беру концентратор аппаратын Масанчи ауылдық округінің кәсіпкерлері де бірлесіп аудандық орталық ауруханаға берді.

ПІКІР