Қордайлық кәсіпкерлер орталық ауруханаға тағы бір аппарат сыйлады

0 5

Еліміздегі карантин жағдайына байланысты қордайлық кәсіпкерлер белсенділік танытып, жерлестері үшін айтарлықтай игі істерді атқаруда. Бүгін аудандағы жекеменшік балабақша басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер бірлесіп аудандық орталық ауруханаға бір өкпені жасанды дем алдыру аппаратын сыйға тартты. Кәсіпкерлердің айтуынша бұл аппаратты алуға жергілікті аудан тұрғындарының да үлесі зор. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов пен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекова аппараттарды ауруханаға жеткізіп берген кәсіпкерлеге алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Ауруханың бас дәрігері «Бүгінде ауруханаға пневмония диагнозымен түсіп жатқан науқастардың қатары көп. Ал мұндай диагнозы бар науқастарға оттегі жетіспеуі салдыран ауруы асқынып жатады. Міне, осындай жағдайда өкпені жасанды дем алдыру аппараттарының маңызы зор» – деп З.Қадырбекова, кәсіпкерлерге ерекше алғысын жеткізді. Айта кетейік бұған дейін де аудандағы кәсіпкерлер 2 өкпені жасанды дем алдыру аппаратын және 20-дан астам концентратор аппараты мен көптеген медициналық құрылғыларды жеткізген болатын. Жаны жомарт барша аудан кәсіпкерлеріне алғыс білдіреміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.