"Туған жер"

Қордайлық түлектердің туған жерге тартуы талайды тамсандырды

Written by Aray2005

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» – деген болатын. Бүгінде туған ауылын көркейтуге, ауылдастарына қол ұшын созуға ниет білдірген азаматтар қатары көбейіп келеді. Соңғы жылдары осындай туған жерге деген қамқорлық пен қолдаудың жарқын көрінісін мектеп бітірушілердің 10, 20,30 жылдық бас қосу жиындарында байқап жатамыз. Бүгінде бұл тұрақты үрдіске айналды десек те болады. Қордай ауданының Отар ауылдық округіне қарасты №41 К.Әзірбаев атындағы орта мектебін 1983 жылы бітірген түлектер осы игі шараны жалғастырып, «Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында туған ауылына тарту жасауды қолға алған. Мектеп бітіргендеріне жиырма жыл толғанына арналған басқосуларында ауылдың кіреберісіне «Отар ауылы» аты жазылған биік тұғыр белгі орнатуды жоспарлап отыр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының бітуіне шамалы ғана шаруалар қалып, маусым айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. «Бұл тұғырда Отар ауылы туралы қысқа мәліметтер мен ақиық ақын М.Мақатаевтың өскелең ұрпақты туған жеріне сүйюге тәрбиелейінтін өлең шумақтары жазылатын болады, бұл тұғырдың айналысан алдағы уақытта көріктендіруге орын дайындап қойдық, яғни келесі жылғы түлектерге эстафета қалдырып отырмыз, осы шарамыз тұрақты үрдіске айналса екен деген ниетіміз бар»- деп түлектер өз ойларын жеткізді.
Отар ауылын көркейту жұмыстары мұнымен шектелек емес, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылдағы орталық саябақтың ішіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балаларға арналған ойын алаңшалары мен орындықтар, жарықтандыру жұмыстары да жүргзіліген. Тіпті, тұрғындардың сүйікті демалыс орынана айналған саябақтың дәл ортасына «I love Otar» сәулеттік жазба бейнеленген. Алдағы уақытта, ауылдық округі әкімі апараттаның жоспарына сәйкес саябаққа қосымша абаттандыру жұмсытары жүргізіледі деп жоспарлануда.

ПІКІР