Жамбыл жаңалықтары Жастар.kz

Қордайлық жастар жұмыссыз жүрмейді

Written by Aray2005

Жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – жасөспірімдердің өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Аталған міндеттерді іске асыру үшін республика бойынша жастарды патриоттық тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Соның бірі — «Жасыл ел» бағдарламасы.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру бүгінгі күнде Қордай ауданында жүйелі түрде қолға алынды. Өткен жылы бағдарлама аясында ауданымызда 59 жас жұмысқа тартылса, биыл 60 жасқа қаржы бөлініп отыр. Қазіргі таңда 11 жас жұмыс атқарып жатса, қалған 49 жас қыркүйек айында еңбекке тартылады.
Осы бағдарлама аясында жұмыс атқарып жатқан жастарымыз Қордай ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлері, жалғыз басты қарттарға қолғабыс етіп, үй аулаларын тазартып беруде. Қураған ағаштарды кесіп, талдарды әктеп, ауыл ішін қоқыстан тазалау сияқты игілікті істе үлкен белсенділік танытуда.
Бұдан бөлек, 14-29 жас аралығындағы жастар, NEET, мүмкіндігі шектеулі, пробация есебінде тұрған, жұмыссыз жастар 1-2 айлық мерзімге жұмысқа қабылдануда. Тарқатып айтсақ, 14-16 жасқа дейінгі жастар – аптасына 24 сағат, 16-18 жасқа дейінгілері — жетісіне 36 сағат, 18-29 жасқа дейінгілер — аптасына 40 сағат жұмыс жасауда. Яғни, алты күндік жұмыс аптасы енгізілген.
Осылайша қордайлық жастарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы бағдарлы бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Расул Бедельбаев,
Қордай аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

ПІКІР