Коронавирус: Израиль барлық шектеуді алып тастайды, Еуропа карантинді жеңілдетпек

0 6

Израиль билігі үкімет мақұлдаса, 1 маусымнан бастап барлық шектеуді алып тастайды. Израиль – вакциналау кампаниясын жылдам жүргізген санаулы елдердің бірі, қазір мұнда вирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар күрт азайған.

Науқастар азайғаннан кейін билік елде барлар мен мейрамхана және өзге де орындарды ашты, бірақ мұндай орындарға вакцина алған немесе коронавирустан сауыққан адамдар ғана бара алады. Егер жаңа ережені үкімет мақұлдап, күшіне енсе, онда мұндай орындар барлығына ашық болады.

Еуропаның бірқатар елдері маусымнан бастап шектеулерді ала бастайды. Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок «халық сақтықты естен шығармаса, 21 маусымнан бастап қалған шектеулердің күші жойыла бастайды» деп мәлімдеді.

Чехия 14 маусымнан бастап қоғамдық орындарда, дәмхана мен мейрамханаларда, мәдени ошақтарда карантинді азайтуға ұмтылып жатыр. Үкімет бұл ұсынысты 24 мамырда талқылайды.

Венгрия да коронавирус бойынша шектеулерді әлсіретеді. 9,8 млн халқы бар бұл елде вакцина алғандар саны демалыс күндері 5 миллионға жетті.

Денсаулық сақтау министрі Йенс Спан 23 мамырда Германия індеттің үшінші толқынына жол бермеді, бірақ коронавирус жұқтырғандар санын азайтуға тиіспіз, шектеулер біртіндеп азаяды деді.

«Жағдай оңалып жатыр, екпе алғандар көбейді, науқастар азайды. Шектеулер бірінен соң бірі алына бастайды. Бұл ұзақ әрі көңілсіз қысқы айлардан кейін өте маңызды. Бірақ жазды алаңдамай өткізу үшін бізге науқастар санын төмендету керек» деді ол.

АҚШ-та да вирус азайған: қазір соңғы 11 айда болмаған төмен көрсеткіштер тіркеліп жүр, елде екпе алғандарға маскасыз жүруге рұқсат етілді.

Дереккөз: Azattyk.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.