КОРОНАВИРУС: Тығырықтан шығудың төте жолы қандай?

0 3

Әлемді алаңдатқан коронавирус кеселіненкейін де ақ таңның атары ақиқат. Алайдаол кезде әлем мен әлеуметтің өмір сүружағдайы қаншалықты өзгеруі мүмкін. Жәнеэкономиканы қайта қалпына келтіру үшінқандай мамандықтарға сұраныс артпақ? Елдіңертеңі мен келешегі кімдердің қолына сеніптапсырылады? Міне осы сауалдарға болжаммен байлам жасап көрсек.

Жасыратыны жоқ қазіргі таңда даяшы, үй тазалаушы,жеке күзетші, тур оператор, фитнес-жаттықтырушысынды мамандықтарға сұраныс мүлде жоқ. Себебікарантинде отырған халықтың бұдан да басқа уайымыжетерлік. Есесіне HR-мамандарға, бағдарламашыларғакурьерлерге сұраныс еселеп артқан. Бір ғана курьерлердіңайлық жалақысы пандемия кезінде 20 пайызға өсіп, 200мың теңгеге дейін жеткен көрінеді.

Прогрессивті білім беру институты сарапшыларыныңзерттеулеріне сүйенсек коронавирус пандемиясыаяқталғаннан кейін кейбір мамандықтарға мүлде сұранысазаяды екен. Қауіпті аймаққа ең алдымен туристікагенттіктер мен экскурссия жетекшілері түсіп отыр.Жасыратыны жоқ пандемиядан ең көп зардап шеккенсала туризм екені анық. Сондықтан аталған саламамандары бастан қиын күндерді кешкелі тұр.

Әлемдік пандемия әуе компанияларына да өзсалқынын тигізді. Халықаралық және ішкі рейстердіңтоқтауынан кейбір әуе компаниялары банкроталдында тұр. Соның салдарынан коронавирус індетібірер айдың бедерінде басылды дегеннің өзінде әуекомпанияларының өз-өздеріне келуі қиын. Бұл штаттықбірліктердің қысқаруына әкеліп соғуы да ықтимал.

Мамандар пандемиядан кейін фитнес-индустриясаласы ерекше дамуы мүмкін деген болжам жасауда.Оған себеп оқшаулау режимінде көптеген нәзік жандыларсеміздік синдромына ұшырап, фитнес залдардыжағалауы әбден мүмкін.

Коронавирустан кейін билік пандемияға дейінбасталған кейбір қызмет салаларын да автоматтандыружәне цифрландыру процесін бастауы ғажап емес.Яғни адам күшіне жүгінбей-ақ, пандемия кезінде жолғақойылған бағдарламалар арқылы онлайн қызметтердіұсынады. Соның салдарынан бейіндік салалардағыбөлім мамандары, кіші сарапшылар, заң кеңесшісі, банкменеджерлері мен фармацевтер, риэлторлар мен event-менеджерлер, аудармашылар мен репетиторлардыңштаттық бірлігі қысқаруы мүмкін.

Полиграфия саласының мамандары да қауіптіаймақта. Себебі орта және шағын бизнестегі жекеменшіктапсырыс берушілер шығындарын азайтып, құнықымбат офлайн-өнімдерден гөрі, үнемді электрондыжарнамаларға көше бастайды.Сәнді киімдерге де сұраныс азаяды. Себебіқиындықты бастан өткерген азаматтар брендтік, сәндікиім үлгілеріне көңіл бөлуге уақыттары болмайды.Сондай-ақ сарапшылар орталықтардағы жылжымайтынмүліктердің бағасы төмендеп, қала маңындағы елдімекендердегі үйдің бағасы артатындығын айтады.

Өйткені карантиннен үрейленіп қалған халық көпқабаттыүйлердегі пәтерлерден қала шетіндегі жер үйлерге көшіп,өз-өздерін оқшаулай бастайды. Бұл адам психикасы менөзін-өзі сақтау рефлексінен туындаған шара.Ал әлемдік пандемияның бір жағымды тұсы – ендіхалықтың ұстаздар мен балабақша тәрбиешілеріне дегенқұрметі артады. Балаларын қашықтықтан оқытып, оданқалса екі-үш баламен карантинде миы ашып отырғаната-ана мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілерініңқадірін түсіне бастайды. Сондай-ақ коронавирус індетіменкүресіп жатқан дәрігерлерге де ерекше құрмет болмақ.

ЖАСТАРҒА АРТЫЛАР ЖҮК АУЫР

Жалпы әлем сарапшыларының бұл болжамымен байламы ел тұрғындарының қазіргі тұрмысы ментынысына да келеді. Себебі бес құрлықтың тұрғындарыбастан кешіп жатқан кезеңді қазақстандықтар даөткеруде. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертеңгі күнімізді қазірден ойлап,батыл шешімдер қабылдауда. Оның алғашқысы –«Жұмыспен қамтудың жол картасы». Аталған жобаНұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларыныңжастарына арналғанымен бұл ел ертеңіне жасалғанжоспарлы қадам. Президент еңбекке жарамдыжастарға бағдарлама аясында жұмысқа кіріскенкүннен-ақ елдегі ең төменгі жалақының 2 еселенгенсомасы көлеміндегі (85 мың теңге) көтермеақытөлеуінің астарында үлкен саясат жатыр. Осыарқылы Мемлекет басшысы коронавирустен кейінгіжағдайды жігерлі жастардың күшімен қайта қалпынакелтірмекші. Ал жоба облысқа енсе, біз оған дайынбызба?

– Қазіргі таңда облыста жұмыссыз жастардыңүлесі тұрғындардың 2,8 пайызын немесе 6696адамды құрап отыр. Егер «Жұмыспен қамтудыңжол картасы» біздің өңірге жететін болса, ол осыжұмыссыз ретінде тіркелген жастарды еңбеккебаулудың таптырмас тәсілі болар еді.

Бағдарламаға қатысқан адамға бірденең төменгі екі айлық көлеміндегі көтермеақыберілетіндігі қазірдің өзінде көптеген жастыңқызығушылығын тудырып отыр. «Жасыл ел»еңбек жасақтары бойынша өткен жылы 1118 жаскөгалдандыру, көгеріштендіру және табиғаттысақтап қалу жұмыстарына жұмылдырылды. Сондай-ақ студенттік құрылыс жасақтарына 252 адамтартылып, қоғам үшін қызмет етті. Байқап тұрсаңыздар біздің жастар қоғамдық жұмыстармен көгалдандыру және санитарлық тірліктерменжіті таныс. Егер коронавирустан кейінгі жағдайдытұрақтандыру жұмыстарына жол картасы аясындажамбылдық жастарды да жұмылдырсақ, оларбұл міндетті абыроймен атқарып шығатынынасенімдімін, – дейді облыс әкімдігі жастар саясатымәселелері басқармасының басшысы СерікболБерікқожа.

Иә, жамбылдық жастардың көшбасшысыосылайша жастық жігерді танытып отыр. Бұл сөзжоқ, қандай мақтауға да лайық. Осы орайда Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғыжылды Волонтер жылы деп жариялап, кейінгі буынғасенім артқаны сәтті шешім болғанын айта кеткенжөн. Себебі қазір пандемияда еріктілер алдыңғышептен табылып, билікке барынша қолғабыс етуде.Облыс аумағында 6000 еріктіден тұратын арнайыбаза жасақталып, төтенше жағдай кезінде 453 еріктіел үшін қызмет етіп жатқанының өзі үлкен олжа.Сондықтан Президенттің биыл жастарға басымдықбергені сөзсіз ең сәтті шешім деп бағаласа болады.Алайда мұндай жағдайда саясаткерлердің болжамымен сарапшылардың байламы айрықша рөл атқарыпжатады. Сондықтан біз әлемдік пандемияға қатыстысаясаткердің де пікірін білген едік.

– Біз жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттыққордан ақша бөлу туралы шешімге бардық. Қазіргіжағдайда бұл өте дұрыс. Алайда еліміз ертеңгікүнін ойлауы керек. Қордағы ақша бүгін болмасада, ертең таусылады. Сонда біз қайда барып бассауғалаймыз? Президент Қасым-Жомарт Тоқаевайтқандай қазіргі жағдайда біз тек өзімізге сенуімізкерек. Сондықтан әрбір өңір шама-шарқынша жәненегізгі бағыттары бойынша ел экономикасы үшінжұмыс жасағаны жөн. Біздің облыс аграрлы аймақболғандықтан біз бар күшті ауыл шаруашылығысаласына жұмылдырғанымыз абзал. Кеңестіккезеңде өңір өзін ғана емес, Орта Азиядағы бірнешемемлекетті азық-түлікпен қамтамасыз еткенқуатты өлке болды. Бізге қазір осы межені ойлап,жатпай-тұрмай жұмыс жасау қажет. Пандемияданкейін әлемде ауыл шаруашылығы тауарларынадеген сұраныс еселеп артады. Сондықтан өзгеніболмаса да, өзімізді қамтамасыз ете алатындайкүшке ие болсақ, экономикамыз тұрақтанатыныайқын.

Жасыратыны жоқ, коронавирус бір азкемшіліктердің бетін ашты. Білім, медицинасынды салалардан бөлек аграрлық бағытта даақсап тұрған тұсымыз анық аңғарылды. Мінеосы олқылықтардың орнын толтыру үшінмемлекеттік бағдарламалардың денін ауылшаруашылығы саласына бағыттау қажет. Бүгіндебізде тракторшы, комбайншы, механизатор,селекционер сынды мамандар жетіспейді. Сондай-ақ жер жыртып, дән себетін адамдар да аз. Мал шаруашылығының тілін түсінетін білікті кадрлар дакерек. Дәл қазір шаштараз, наубайханашы немесетігіншіге азаматтарды оқытудың еш пайдасы жоқ.Одан да мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылшаруашылығына қажетті мамандарды даярлаудықазірден бастағанымыз жөн. Бүгінде көктемгі далажұмыстарының науқаны басталып кеткендіктеноқуға ниетті азаматтарды егістік даласында-ақтәжірибеден өткізуге болады. Трактор айдап, жержырту аса теориялық білімді қажет етпейтіндіктеноны кез келген адам аз уақытта игеріп кете аладыдеп ойлаймын. Мұндай қадам ауыл шаруашылығысаласына жаңа леп әкелетіндігіне сенімдімін.

Кеңестік кезеңде Жамбыл облысы химия өндірісібойынша алпауыттардың бірі саналды. Алайда жекешелендіру кезінде көп дүние ұстағанныңқолында, тістегеннің аузында кетіп, әлемдікбеделімізді жоғалтып алдық. Қазір Қазақстанға еңбірінші осы әлемдік беделін төмендетіп алмау керек.Ол үшін бәріміз жұмыла, асыраушы салалар бойыншажұмысты күшейтуге күш қосқанымыз абзал, – дейді саясаткер Режеп Баярисов.

Шындығында қазір бір жағадан бас, бір жеңненқол шығарып, негізгі салаларға серпін бергенімізжөн. Ол үшін әрине Үкімет те жүйелі жобалардыжандандырып, жұртшылықты дұрыс бағытқабағыттауы қажет. Сол кезде әлемдік пандемияданкейін сұранысы азайған мамандарды өзге салалардада пайдаланудың тетігі табылар еді. Ал одан елімізұтпаса, ұтылмайтыны анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.