Коронавируспен II және IV қан тобындағылар жиі ауырады

Сондай-ақ тәж вирусы қандай қан тобындағы адамдарға сирек жұғады?

0 3

Британияда дені сау жастар коронавирус штамдарын өз еркімен жұқтыра алады. Бұл, COVID-19 вакциналары мен емдеу әдістерін тестілеу бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Ұлыбритания мұндай сынақтарды алғашқы болып мақұлдап отыр. Алдағы аптада басталатын бағдарламаға 18-30 жас аралығындағы 90 адам қатыспақ. Оларға вирус бақыланатын және қауіпсіз ортада жұқтырылатын болады. Еріктілердің денсаулығын дәрігерлер үнемі қадағалап отырады. Ресей ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, коронавируспен ауырғандардың арасында І қан тобындағы адамдар аз. Індетті көбіне II және IV қан тобы бар адамдар жұқтырады екен. Германия 2021 жылы COVAX механизміне 1,5 миллиард еуро бөлмекші. Бұл туралы Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маастың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді. Маас атап өткендей, ACT Accelerator жобасы іске қосылғаннан бері Германия 600 миллион еуро бөлген. Аталмыш жоба дамыған елдерде коронавирусты емдеуде монополияның алдын алуға және вакциналардың таралуына кепілдік береді.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.