Жамбыл жаңалықтары

Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет

Written by Aray2005

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың Тәуелсіздік залында облыстық экология департаментінің ұйымдастыруымен 5 маусым – Эколог күні кәсіби мерекесі мен экология саласының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті.

Оған облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке, «Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығы» аймақтық кәсіподақтар бір­лес­ті­гі­нің төрағасы Мейрамбек Төлепберген, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбеков, сала ардагері, қоғам қайраткері Алдияр Түсіпов және өзге де қонақтар қатысты.
Жиынды ашып, жүргізген облыс бойын­ша экология департаментінің басшысы Қанатбек Мәдібек сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттық­тап, бұл күннің маңыздылығына тоқталды.
– Биыл елімізде экология саласының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Алғаш рет елімізде экологиялық қызмет 1988 жылы ұйымдастырылып, бұған дейін биология ғылы­мымен бірге қолданылып келген «эколо­гия» осы­дан кейін жеке бағыт ретінде қа­рас­­тырыл­ды. Табиғатты пайдаланудың қор­ша­ған ортаға тигізетін зардаптары, энер­гия қорларынан шығатын зиянды заттардың әсері назарға алынатын болды. Жобалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігімен қатар, экологиялық жағдай­ла­ры­на да талдау жасала бастады, – деген Қанатбек Қойшыбекұлы жеткен жетістік­тер­ге назар аударды.
Сондай-ақ, Қ.Мәдібек бүгінде экология саласындағы мемлекеттік саясаттың негіз­гі бағыттары – баламалы энергия көз­де­рін пайдалану, қалдықтарды тиімді басқару және өндірістің, көліктің, жылу қазандықтарының қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін мейлінше азайту болып отыр­ғанын атап өтіп, облыстың экологиялық ахуалына тоқталды.
Жиында құттықтау сөз сөйлеген Т.Жанке облыстың экология саласына мекеме­­нің алғаш құрылған күнінен бастап еңбек сіңірген азаматтардың атын атап, шынайы тілегін білдірді.
– Бұл күн Қазақстан Республикасы Президенті­нің Жарлығымен 2011 жылдан бастап жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтуде. Алғаш рет экологиялық қызмет Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі төраға­сының 1988 жылғы 20 сәуірдегі «Қазақ ССР табиғатты қорғау жөніндегі одақтық-республикалық мемлекеттік комитетінің құрылуы туралы» Қаулысымен ұйымдастырылды. Сол жылы біздің облыста да табиғатты қорғау комитеті құрылып, оның алғашқы төрағасы болып Бекболат Елеуішов тағайын­далды. Одан кейінгі жылдары да Алдияр Түсіпов, Қаржаубай Кемелов ағаларымыз салаға абыроймен басшылық етті. Экологтың жұмысы қай кезде болсын үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Себебі, қоршаған ортаны қорғау ісінде жоғары біліктілік пен мол тәжірибеге сүйеніп қана шешім қабылданады. Бүгінгі
2 400-ге жуық табиғат пайдаланушылардың жұмысы экология саласында да мемлекет­тік құрылымдармен зерттеліп, бақылауға алынды. Былтырғы жылы табиғат пай­далану­шылардан облыстық бюджетке арнайы эмиссия үшін 2,6 миллиард теңге түсім түсті, – деді Тимур Амантайұлы.
Одан кейін ортаға шығып, сөз ал­ған аза­маттар да экология саласы маман­да­рын мере­кемен шын жүректен құт­тық­тап, жұмыс­тарына табыс тіледі. Ал, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Экология» кафедра­сы­ның меңгерушісі Римма Төрегелдиева көлемді баяндама жасап, сала жетістік­тері­мен қатар, өңірде қалыптасқан экологиялық проблемаларға да кеңінен тоқталды.
Жиын барысында Эколог күні және эко­логия саласының құрылғанына 30 жыл толуына орай қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі белсенді еңбегі және кәсіби білік­тілігі үшін бірқатар қызметкерлер облыс­тық мәс­лихат­тың, «Нұр Отан» партия­сы облыстық филиалының, кәсіподақ ұйымы­ның «Құрмет грамотасымен» марапат­талды. Сондай-ақ, бірқатар азамат­­тар­ға «Қазақстан Республикасы­ның экология саласына 30 жыл» мерекелік медалі мен «Экология саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді.

Жасұлан Сейілханов

ПІКІР