Көшеге күйеуі мен туыстарының есімін берген шенеунік жұмысынан қуылды

0 30

Мысырда көшелерге күйеуі мен туысқандарының атын берген шенеунік әйел жұмысынан қуылды деп хабарлайды РИА Новости.

Мысырдың солтүстігіндегі Кальюбия провинциясының губернаторы қаланы абаттандыру департаментінің директоры Кафр-Шукрды бірнеше көше атауын күйеуі мен оның туыстарының құрметіне қойғаны үшін жұмыстан шығарған.

«Тұрғындардан көптеген шағым түскеннен кейін Кафр-Шукрды қаланы абаттандыру департаментінің басшысы қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Шағым жаңа қала жоспарында бірнеше көше атауы оның күйеуі мен туыстарының құрметіне өзгертілгенімен байланысты. Іс тексеріс жүргізу үшін әкімшілік прокуратурға берілді. Аталмыш факті расталған жағдайда оған заңға сай шара қабылданады», дейді губернатор Абдулхамид Хадджан.

Абдулхамидтің айтуынша, шенеуніктің әрекеті заңды өрескел бұзу болып табылады, себебі көшелерге атау беру туралы шешімді жергілікті халық кеңесі немесе арнайы комитет қабылдайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.