Рухани жаңғыру

Көшпелі кеңес Талас ауданынан басталды

Written by Aray2005

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру керуенін бастады. Алғашқы сапармен Талас ауданына барған кеңес мүшелері Қаратау қаласының орталығында тұрғындарды түрлі мәселелер бойынша қабылдады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев келушілерді алдымен өзі қабылдап, мәселелері бойынша тиісті мамандарға тапсырма берді.
Кеңеске келгендердің арасында жастарға қарағанда алуан түрлі мәселесін айтқан үлкендердің қарасы қалың болды. Кеңес барысында бос жұмыс орны жәрмеңкесі де ұйымдастырылып, бірқатар кісілер іздеген қызметін тапты. Мысалы, 120 бос орын ұсынылған жәрмеңкеде Сайха Мұсаева балабақшаға орналасты. Әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың жұмысшылары арасында «Жамбыл адалдық алаңының» мүшелері сауалнама жүргізді. Үш күн бойы осы ауданда қабылдау жүргізген көшпелі кеңес аумақтың барлық елді мекендерін қамтыды.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ
ТарМУ-дың журналистика мамандығының
2-курс студенті

ПІКІР