Көздің жауын алатын Жамбылдың жауқазындары

0 4

«Biz birgemiz!» акциясы аясында «77 TV» телеарнасы төтенше жағдай кезінде халықтың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында игі бастаманы қолға алып отыр. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.

Брифингте «Тараз-туризм» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ұлан Жолдықұлұлы «77 TV» арнасы Жамбыл облысы отаны болып саналатын жабайы қызғалдақтың гүлдеу кезеңінде экотуризмге арналған материалдарды түсіру бойынша фотоэкспедицияға ақпараттық қолдау көрсететінін жеткізді. Сондай-ақ ол әлемде кеңінен таралған қазіргі заманғы қызғалдақтар Грейг қызғалдағынан бастау алатынын, ал оның тұқымын Ұлы жібек жолы арқылы саяхатшылар ежелгі Тараздан экспорттағанын тілге тиек етті. – Аталған фотоэкспедиция сәуір айының соңында облыс әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен Жуалы, Қордай, Меркі аудандарында өткізілмек. Фотоэкспедицияның мақсаты – облыстың флорасы мен фаунасы туралы сапалы фотоматериалдар дайындау және біздің аймақтың ерекшелігі саналатын қызғалдақтарды кеңінен насихаттау. Дәл осы фотоматериалдар болашақта өңірімізге туристерді тарту үшін туристік каталогтар, брошюралар, буклеттер және басқа да жарнамалық материалдарды дайындауға жақсы негіз болмақ, – дейді Ұ.Жолдықұлұлы. Сондай-ақ брифингте газетіміздің фототілшісі, кәсіби фотограф Алтынбек Қартабай аталған экспедиция «Жауқазындары жамбылдың» деп аталатынын тілге тиек етіп, оның құрамында 3 адам бар екенін жеткізді. Өңірдің әр аймағында түрлі қызғалдақтар өсетінін жеткізген фотограф олардың аттары да әрқилы екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.