Қожанасыр хикаялары

0 2

Қысатын етік

Бірде Қожанасыр етікшіге барып, етік тіктіріпті. Дайын болғанында етікші Қожанасырға «Бір аптадай аздап қысып жүруі мүмкін, одан кейін орнына түсіп кетеді», дейді. Қожанасыр үйіне келіп, етікті әйеліне береді де: «Мынаны бір жерге сақтап қой, бір аптадан кейін бересің, әйтпесе қазір аяғымды қысады екен», – депті.

Салқын шай

Қожанасыр бір күні шайханаға келіп, «Салқын шай бар ма?» дейді. Даяшы таңырқап қарап, «Жоқ» дейді. Қожекең екінші күні тағы да «Салқын шай бар ма?» деп сұрайды. Даяшы оған «Жоқ әрине, бізде шай үнемі ысып тұрады» дейді. Үшінші күні шайхана иесі Қожекеңнің келетінін ойлап, оған арнайы шай суытып қояды. Қожекең әдеттегідей «Салқын шай бар ма?» дегенінде даяшы: «Бар, сізге арнайы салқындатып, дайындап қойдым» дейді. Сонда Қожекең: «Онда ысытып әкел, терлеп отырып шай ішейік», – деген екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.