Қожанасырдың хикаялары

0 0

«Оразам бұзылады»

Қожанасыр медреседе оқып жүрген шағында өте бұзық болыпты. Ораза күндері әпенді байқамай тәртіп бұзып қойыпты. Ұстазы ашуланған күйде ұзын шыбықты қолына алып Қожанасырға:
– Аузыңды жабасың ба? Жым болып отырасың ба, әлде таяқ жейсің бе? – депті.
Қожанасыр:
– Ұстаз, үнімді шығармаймын. Таяқ жесем оразам бұзылып кетіп, құдай алдында күнәһар болып қаламын, – деп жауап беріпті.

Қарға

Бір күні Қожанасыр базардан қарға сатып алыпты. Әпендені көршісі көріп:
– Немереңізге сатып алдыңыз ба, – деп сұрапты.
– Жоқ өзіме сатып алдым, – деп жауап беріпті Қожанасыр.
– Сіз үнемі қалжыңдайсыз да жүресіз, сізге оның қажеті қанша?
– Қарға мың жыл жасайды дейді. Шынымен мың жыл өмір сүре ме, сүрмей ме білгім келеді, – деген екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.