Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жағдайымен танысты

0 0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жағдайымен танысты.

Атап айтқанда, аймақ басшысы Қаракемер, Сортөбе, Масаншы, Қарасу және Ауқатты ауылдарындағы блок-бекеттерінің жұмысын тексеріп, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының жеке құрамымен және Ұлттық гвардияның әскери қызметшілерімен кездесті.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі облыстық штабтың отырысын өткізді. Онда Қордай ауданы аумағында тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.