Қоғам

Құмжоталықтардың ниеті

Written by Aray2005

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Осыған орай Байзақ ауданы, Құмжота ауылының бір топ азаматтарының жеке қаржысы есебінен ауылға шағын спорт сарайын салуды жоспарлап отырмыз.

Мұндағы мақсат – кеш қарая ауыл көшелерін құр кезіп жүретін жастарды салауатты өмір салтына баулып, олардың уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау. Ал екінші жағынан, көпшілігі ауылдың қарадомалақтарының арасынан шығатын, келешекте көк туымызды көкте желбіретер Олимпиада чемпиондарын дайындау.
Осы мақсатқа жету жолында ауыл азаматтары бірлесе әрекет етіп, спорт сарайының құрылысына қажетті қаржыны жинауға әрекет жасасақ деген ой бар. Оған қоса ауылдастардың арасында қолынан іс келетіндері де жетіп артылады. Бірі көлігімен құрылысқа қажетті материалды жеткізіп берсе, енді бірі құрылыс нысанының іргетасын қалауға көмек қолын созуға дайын.
Аталмыш спорт сарайын Құмжота ауылының орталығынан салуға ниет етіп отырмыз. Жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында қолға алған жобамызға кіріспес бұрын облыс, аудан басшылығынан ісімізге мүмкіндігінше қолдау болар деген ойдамыз.

Мақсат Бегілдаев,
Байзақ ауданы,
Құмжота ауылы

ПІКІР