Жамбыл жаңалықтары

Құрбан айт – рухани жаңғыру мерекесі

Written by Aray2005

Құрметті жерлестер!
Сіздерді Құрбан Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ізгілік пен мейірімділіктің нышаны болған айтулы мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді.
Құрбан Айт – еліміздегі барша ұлттар мен ұлыстардың береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты еселей түсетін мейрам. Бұл күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созады.
Қасиетті мейрам рухани жаңаруға, қайырымдылық пен қанағатшылдық, бауырмалдық пен татулық, адамгершілік тәрізді асыл қасиеттердің қоғамдық өмір салтына айналуына, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Соның арқасында еліміз өркендеп, әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымыз артып келеді.
Өкінішке қарай бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирустық пандемия өміріміздің барлық саласына өзгерістер енгізді. Биыл Құрбан Айт мерекесін карантин жағдайында қарсы алуға тура келіп отыр. Осыған түсіністік танытып отырған баршаңызға алғысымызды білдіреміз, өзгелерді де осыған шақырамыз.
Сіздерді осы қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбіріңізге және жақындарыңызға бақыт, береке, табыс тілейміз.
Елімізде бірлік пен келісім нығая берсін!
Құрбан айт мүбәрак болсын!

Облыс әкімі
Бердібек САПАРБАЕВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы
Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ

ПІКІР