БАСТЫ БЕТ

Құрметті кәсіпкерлер!

Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасы әкімдікпен бірлесіп «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауын өткізеді.

Отандық тауарөндірушілерді қолдау және жоғары сапалы отандық өнім өндірісін бәсекеге қабілетті ету, компаниялар қызметіне менеджмент жүйелерінің халықаралық стандарттарын енгізуге ынталандыру мақсатында облыс кәсіпкерлері арасында үздік тауарлар БАЙҚАУЫН жариялайды.

Көрме-байқау 2018 жылы 3 шілде күні Тараз қ., Тәуке хан көшесі, 22 мекенжайы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.

Байқау қатысушысы заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер бола алады:
1) Жамбыл облысы аумағында өндірісін іске асыратын (қару-жарақ және әскери техника өндірісінен бөлек);

2) Өнім сапасын тұрақты түрде қамтамасыз етуде оң нәтижеге ие.

Байқау келесідей аталымдар бойынша жүргізіледі:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
  • «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
  • «Үздік азық-түлік тауарлары».

Байқауға қатысу туралы толық ақпаратты Сіз Тараз қ., Төле би даңғылы, 93«А», «Aray plaza» БО, 2-қабат мекенжайында орналасқан Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасынан ала аласыз. Байл.тел: 555-913

ПІКІР