Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

0 1

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Нұрлы жер» бағдарламасы орындалуы бойынша онлайн баспасөз мәслихаты өтіп, оған облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров келіп қатысты.

Спикердің айтуынша бүгінгі күнге облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 28 252 адам тіркелген, оның ішінде әлеуметтік осал топтағылары – 13 868, көпбалалы отбасылар – 3518.
Ал жер алу кезегіне 117 266 азамат тіркелсе, 2019 жылы 1 189 жер телімі берілген екен. Биыл 1070 жер телімін беру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде биылға бюджеттен барлығы 19,5 миллиард теңге қарастырылған екен, оның ішінде республикалық бюджеттен – 17,5 миллиард теңге. Мұны өткен жылмен салыстырсақ республикалық бюджет қаражаты 3,7 миллиард теңгеге артқан.
Сонымен қатар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы 17 жобаны іске асыруға биыл бюджеттен барлығы 5,2 миллиард теңге қаржы қарастырылыпты. Оның 4,4 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен. Жалпы биыл бұл бағытта да былтырға қарағанда 1,5 миллиард теңге артық бөлінгелі отыр.
Басқарма басшысы 2016-2019 жылдар аралығында кредиттік тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін барлығы 16,3 миллиард теңгеге бағалы құнды қағаз шығарылғанын жеткізді.
– Бұл қаражаттың 10,1 миллиард теңгесі сатылған пәтерден түскен қаржы есебінен қайтарылды. Қалған 6,2 миллиард теңге 2021 жылдың 14 ақпанына дейін сатылымға қойылған пәтерлер есебінен қайтуы тиіс. Ағымдағы жылы 6 миллиард теңгеге 10 тұрғын үйдің жобасы қолдау тауып, іске асырылмақ. Одан басқа, 6 миллиард теңгеге 14 тұрғын үйдің жобасы алдын ала қолдау тауып, бюджеттік өтінімі өткізілді, – деген Ж.Шалдаров бағдарлама шеңберінде облыс бойынша былтыр 1 936 азамат пәтерге ие болғанын да айтып өтті

Жасұлан Сейілханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.