«Құс жолынан бір пәтер ұтып алдым»

0 4

Мен өзім жігіт едім мыңға келген,
Құдай мені анама пұлға берген.
Шын айтам, тал шыбықтай қызға айналды,
Таяғым кеше түнде құмға көмген.

Түскі асқа доллар жедім, мұнай ішіп,
АҚШ-қа кетті оқуға құмай ұшып.
Қалың эвро жабылып теңгені ұрып,
Көгеріп көзі жүрді, бір ай ісіп…

Мұздықтан ұн әкеліп қап, дағармен,
Жайлауда құм жегізіп, ат бағам мен.
Өзбекстандық балықтар жүріп өтті,
Мақтадан кеме жасап мақтаралмен.

Мен кеше ұшып жүрген қала көрдім,
Суынан жіп жасадым Алакөлдің.
ҰБТ-дан өтпей қап маймыл жылап,
Өрмекшіге жалынып пара бердім…

Қасқырдың тісін алып балта қылам,
Қошқардың мүйізін алқа қылам.
Қалың қой кеше шығып митингіге,
Марғауды алып тастады мансабынан.

Алты кез аспанға ұшып матаменен,
Жұлдызды ұрып құлаттым сақаменен.
«Facebook»-те араға сөз салдым да,
«Instagram»-да таныстым бақаменен.

«Бек Эйр»-мен піл келіп күтіп алдым,
Жер шарын бүктеп-бүктеп жұтып алдым.
Лотерея ойнатып шегірткелер,
Құс жолынан бір пәтер ұтып алдым.

Мен кеше о дүниеге тест бердім,
Жейдемді жылқы сұрап шешіп бердім.
Суырлардың інінде карантин боп,
Аю салған қалаға көшіп келдім.

Шапағат ӘБДІР,
айтыскер ақын

Leave A Reply

Your email address will not be published.