Құшақтасуға рұқсат берілді

0 0

Англия, Уэльс және Шотландиядағы көптеген шектеулердің алынғаны миллиондаған адамдарға кино, мейрамхана, музей, спорт залдарына, бір-біріне қонаққа баруға, туыстарымен және жақындарымен құшақтасып көрісуге мүмкіндік берді.

Осыған дейін карантиндік шектеулер, дос-жарандардың құшақтасып көрісуіне рұқсат бермеген еді. Енді Британия жұрты емен-жарқын өмірге оралғанын тойлауда.

Кристофер Белл жетекшілік ететін Шотландияның ұлттық жастар хоры қазір 30 адамға дейін жиналуға болатынын пайдаланып, Эдинбургте репетицияға жиналды.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.