Құжат беру науқаны мамырға дейін ұзартылды

0 9

Азаматтардың құқықтық мәртебесін айқындау және құжаттандыру мақсатында құжаттары жоқ адамдарды анықтау жөніндегі республикалық акция жалғасатын болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Өткен жылдың қазан айында басталған акция ағымдағы жылдың қаңтар айына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Аталмыш акция аясында осы уақытқа дейін  3 мыңнан астам адам жеке басын куәландыратын құжаттарын алды. Алайда құжатсыз тұлғалар санын қысқартудың маңыздылығын ескере отырып, жұмысты мамырға дейін ұзарту туралы алқалы шешім қабылданды.

Құжат алғандардың көпшілігі Алматы қаласында (300), Алматы (372), Қарағанды (353), Ақмола (279), Жамбыл (276) және Түркістан (284) облыстарында анықталды. Елордада 189 адамға құжаттар беріліпті.

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Көші-қон қызметі комитетіне азаматтарды құжаттандыруға бағытталған жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Ол өз сөзінде , «Азаматтығы жоқ адамдарды анықтау әлемдік проблема болып табылады, мұны тексеруге және анықтауға көп уақыт кетеді. Осыған қарамастан, өткен жылы іске қосылған акция мыңдаған адамға құжаттарын алуға көмектесті және алдағы айларда еліміздің тағы бірнеше мың тұрғыны құжаттарын рәсімдей алады»-деді.

Сонымен бірге, Министр азаматтығы жоқ адамдарды анықтауға және құжаттау рәсіміне үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдар үлкен көмек көрсететінін атап өтті. ІІМ құқық қорғаушыларға және барлық бей-жай қарамайтын азаматтарға азаматтығы жоқ адамдардың проблемаларын шешуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.