Құжатың дұрыс болмаса, ешкім басыңнан сипамайды
Жамбыл облысында 20 шетелдік азаматтың құжаты дұрыс болмауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың заңсыз әрекеті «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталған.
Жалпы аталған рейдтік шараны өткізудің негізгі мақсаты – ұзақ уақыт облыс аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын, сондай-ақ жол жүру билеттерін сатып алуда қаржылық қиындықтарға тап болған шетел азаматтарын анықтау болып отыр.
Рейд барысында сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдайтын еліміздің 45 азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.