Қылмысты ашуды ардагерлерден үйрену керек

0 6

Жамбыл облысында барлығы 355 учаскелік полиция инспекторы мен 51 УПИ көмекшісі бар. Біздің аймақтың Полиция департаменті осы қызметтің материалдық базасын нығайту үшін барлық шараларды қабылдауда. Соңғы уақытта олардың ұтқырлығы айтарлықтай жақсарды. Барлық УПИ автокөлікпен қамтамасыз етілген, рациялармен және басқа да тұрақты байланыспен, полиция базасына қосылған тасымалды планшеттермен және бейнетіркегіштермен жабдықталған, олар  қажетті  ақпаратт  шұғыл  түрде бере алады, бұл қызмет көрсетілетін учаскелердегі жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді.

2020 жылы Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен полицияның тірек пункттерін техникалық құралдармен жабдықтау үшін қосымша 100 «Нива» автокөлігі, 321 компьютер мен планшет, 103 жылжымалы радиостанция және 100 бейнетіркегіш сатып алынды.

Мұның бәрі учаскелік полиция инспекторы  жұмысын едәуір жақсартуға мүмкіндіктер мен оң нәтиже берді. Өткен жылы қоғамдық орындарда және көшелерде қылмыс 25,1% – ға төмендеді, полицияның учаскелік инспекторлары 471 қылмысты ашты, оның ішінде: 10 – кісі өлтіру, 45 – дене жарақатын салу, 126 – ұрлық, атап айтқанда: 62-мал ұрлау;  202-есірткіге байланысты қылмыс.

Дегенмен, учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өз жұмысында жұртшылық тарапынан тұрақты қолдауға ие болуы тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай өзара әрекеттесу жақсы нәтиже береді. Бір кездері болған ерікті халық жасақтары мен басқа да қоғамдық құрылымдардың, өкінішке орай, жұмысын тоқтатқаны белгілі.

Осыны ескере отырып, Жамбыл облысының Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұланның ардагерлер кеңесі 2019 жылы Полиция департаментіне учаскелік инспекторлар қызметін нақты қолдау туралы ұсыныспен шықты. Облыстық Полиция департаментінің басшылығы бұл ұсынысты қуана қолдады.

Осыған байланысты, аумақтық полиция бөліністері  өз бұйрықтарымен облыстың 199 учаскелік полиция пунктінің әрқайсысына бұрын учаскелік инспектор қызметін өткерген, ювеналдық полицияда, қылмыстық іздестіруде және басқа да қызметтерде өз тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторына ерікті және өтеусіз негізде кәсіби көмек көрсететін ішкі істер органының   бір  ардагерін бекітіп берді.

Қазіргі уақытта мерзімді түрде, ІІО-ның әрбір ардагері, негізінен кешкі уақытта және қажеттілігіне қарай полицияның тірек пунктінде бекітілген учаскеде кезекшілікті жүзеге асырады, онда УПИ-ден  оқиға орнына  шығудан басқа, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды ашу бойынша үлкен жұмыс тәжірибесімен бөлісе отырып, жас полиция қызметкерлеріне тәрбиелік және тәлімгерлік көмек көрсетеді. Бұл көмек әсіресе мал ұрлығы кең таралған ауылдық жерлерде өте құнды. Өйткені, мал  басы ауыл тұрғынының жалғыз табыс көзі болып табылады.

Мәселен, 26.05.2020 жылы Жамбыл АПБ-ге 1974 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны белгісіз біреулер Ерназар ауылындағы шаруа қожалығынан жылқысын ұрлап, 450 мың теңге көлемінде  шығын келтіргені  туралы   арызданған. Іздестіру нәтижесінде учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ағабек Байділдаев пен ІІО ардагері Кенжетай Оспанов осы қылмысты  жасағаны үшін сол ауданның тұрғынын «ізін суытпай»  ұстады. Жылқы малы  иесіне қайтарылды.

Тағы бір мысал,  21.01.2021 жылы облыс орталығының Абай даңғылында белгісіз ер адам пышақ тәрізді затпен қорқытып, кәмелетке толмаған баланың ұялы телефонын алып кеткен. Іздестіру шаралары барысында Тараз қаласының 1-ПБ учаскелік инспекторлары полиция майоры Самат Мұстахи мен полиция капитаны Нұрғиса Мирқасым ІІО ардагерлері Абдурахман Зайнутдинов пен Рыскүл Мыңжасаровамен бірлесіп,  1977 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады, күдікті кінәсін мойындады. Ұрланған телефон тәркіленіп, жасөспірімге қайтарылды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына  қамаққа  алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта та жалғасын таба бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.