Қырғызстан президенті оқшауланды

0 15

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Садырр Жапаров Ресейге сапарына дайындалу мақсатында оқшауланған, – деп хабарлайды РИА Новости.
«Садыр Нұрғожаұлы Ресейге сапарына дайындалып жатыр, ол жақында болады. Бүгінде ол коронавирус пандемиясына байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында оқшауланды», – делінген хабарламада.
Қырғызстан президент аппаратының мәліметінше, сапар нақты қай күні болатыны белгісіз. Дипломатиялық дереккөз мәліметінше, Қырғызстан президенті Ресейге 24-25 ақпанда баруы мүмкін.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.