"Заң және біз"

«Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды — ҰҚК

Written by Aray2005

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, олар күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған, — деп хабарлайды ҚР ҰҚК  баспасөз қызметі.

2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды.

Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. 2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды.

ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

tengrinews.kz

ПІКІР