Қыс қайта қаһарына мінуі мүмкін

0 11

«Қазгидромет» РМК жариялаған 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамында қайта күн суытатыны айтылған. 18-19 ақпанда Оңтүстік Каспий циклоны Қазақстанның ауа райына ықпал етеді. Жаңбыр мен қар жауып, республиканың солтүстік аймақтарында боран болады деп күтілуде. 19 ақпаннан бастап еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Солтүстік өңірлерде түнде -15-33 ℃ дейін, оңтүстікте 0, +5 ℃ дейін, кей жерлерде -10-15 ℃ болады. Республиканың кей аймақтарында тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.