Қытайға қуатты тайфун таяп келеді

0 3

Қытай билігі Иньфа тропикалық дауылына байланысты шығыс Чжэцзян провинциясында 1,6 миллионнан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Global Times басылымы.

Дауылдың жақындауына байланысты ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті дүйсенбіде теміржол көлігі мен метрополитен жұмысын тоқтатуға кеңес берді. Сондай-ақ жергілікті билік органдарына төтенше жағдайларды жоюдың бірінші деңгейін енгізу ұсынылды. Қытайдың Орталық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша 09: 50-де Иньфа дауылы Чжэцзян провинциясының жағалауына жетті. Желдің максималды күші 10 балл. Метеорологтардың айтуынша, жойқын дауыл Қытайдың шығысындағы Шанхай, Чжэцзян, Цзянсу және басқа аудандарға зиян келтіруі мүмкін.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.