Мүмкіндігі көп Медиа орталық

0 43

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы ашылды. Мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне шаһар басшысының орынбасары Алмас Садубаев, облыстың зиялы қауым өкілдері мен ардагер журналистер қатысты.

Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Алмас Қадірбекұлы жаңадан ашылған медиа орталық әлеуметтік желідегі ресми парақшаларға қала тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, облыс орталығы жайлы медиа ресурстардағы ақпараттардың мазмұнын сараптап, республикалық БАҚ пен интернет ресурстарда әкімдік туралы шыққан ақпараттарға тұрақты мониторинг жүргізетінін мәлім етті.
Мұнан соң Болат Жаппарұлы, Асқарбек Сейілхан, Ғалым Қасабайұлы және Қуаныш Ембердиев сынды өңір баспасөзінде соны із қалдырып, ақпарат айдынынды сара жолы бар ардагер журналистер сөз алып, медиа орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.