Мүйізді ірі қараның 1000-ы бордақыда

0 23

Т.Рысқұлов ауданындағы «Дәулетбай» шаруа қожалығы 1000 мүйізді ірі қараны бордақылап, сою, сақтау, тоңазыту және мал терісін өңдеу кешенінің құрылысын іске қосты.

Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың айтуынша, өлкеде мал басының барлық түрі бойынша өсім 104,3-тен 122,4 пайызға артыпты. Ал мал өнімдерін өндіру 102,8-ден 107,7 пайызға өскен.
Бүгінгі күнге ауданда мүйізді ірі қарамен – 5, қой-ешкімен– 6, жылқы және шошқамен бір-бір асылтұқымды шаруашылық айналысуда.
Ауданда 2 650 мүйізді ірі қараға арналған – 12, сондай-ақ 780 жылқыға арналған – 5, Шопан ата түлігінің
3 600-ін байлап ұстауға – 4, бұдан бөлек 30 мың жалпақтануға арналған бір мал бордақылау алаңы бар.
«Шалқар» шаруа қожалығы 1 500, «АлРай» шаруа қожалығы
1 000 сиырға арналған бордақылау кешендеріне жан бітіріп отыр. Сонымен қатар Құмарық ауылында «Жастар болашағы» шаруа қожалығы 100 орындық сауынды сиыр фермасының жұмысын жандандыруда. Сөз жоқ, бұл – аудан үшін толайым табыс.

Кәмшат Кәдірбек
Т.Рысқұлов ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.