Марста бір робот жүр

0 6

Бүгінде технология айтарлықтай жылдамдықпен дамуда. Соның арқасында жершарынан белгілі бір планетаға жіберлген роботтың қону сәтін видео арқылы бақылауға мол мүмкіндік туып отыр. Мәселен Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (НАСА) бейсенбі күні кешке Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырған болатын. Соның арқасында марсоходтың Қызыл ғаламшар бетіне қонған әсерлі видеосы жарияланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ВВС-ге сілтеме жасай отырып хабарлады.
Perseverance (Персеверанс) ровері тросс арқылы екі метр биіктіктен ғарыш платформасын түсірген, оған видео және фото құрылғылар ілінген: қону сәтін түсіру үшін 7 камера орнатылған. Ровер қона салысымен Жерге Марстың бетінен суреттер мен басқа да мәліметтерді жібере бастаған. Perseverance ровері Джезеро кратеріндегі ежелгі өзеннің арнасынан екі шақырым қашықтықта бірнеше күн бұрын қонса да, «ауыр» бейнефайлдар енді ғана алынып жатқан көрінеді.
Роботтың қону сәтін видео арқылы бақылау – миссияға жауап беретін инженерлер үшін суретті көріп қана қоймай, болашақта басқа да роверлердің қону технологиясын жақсарту үшін маңызды болмақ. Ал ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті –тіршілік белгісін іздеу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.