"Дін"

Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр ауылдарындағы мешіттерге имамдар тағайындалды

Written by Aray2005

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Талғанұлының
бұйрығымен, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының келісімімен Қордай ауданындағы Сортөбе, Булар батыр, Масаншы ауылдарындағы мешіттерге имамдар тағайындалды.

Атап айтсақ, Булар батыр ауылындағы «Булар батыр иман» мешітіне Вансынбо Нурдин имам болып тағайындалды. Ол 2015 жылдан осы уақытқа дейін Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Мисбахул ислам» мешітінде ұстаздық қызмет атқарып келген.

Сортөбе ауылы «Аюб -Ансари» мешітіне Масанло Малик, «Дінислам» мешітіне Харсанов Шерба имам болып тағайындалды.

Ал Масаншы ауылындағы «Мұсылмандар» мешітіне Хусей Харсан имам болып тағайындады. Харсан Санхурұлы 2015 жылдан осы уақытқа дейін Масаншы ауылы «Хазрет Биләл» мешітінде имамдық қызмет атқарып келген.

Сонымен қатар, Масаншы ауылында орналасқан «Қордай Құран қариларын дайындау орталығына» Шерниязов Ғалымжан директор болып тағайындалды. Ғалымжан Сайлауұлы 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы Өтеген ауылы «Өтеген» мешітінде имамдық қызметте болған.

ПІКІР