Саясат

Мәселені дер шағында қозғады

Written by Aray2005

Коронавирус індетінің елімізде таралуы салдарынан мемлекетіміз барынша сақтық шараларын ұстануда. Әлемдік пандемия кез келген саланың қалыпты жұмысына өз әсерін тигізуде. Соның қатарында білім саласы да бар. Мәселен биылғы оқу жылының төртінші тоқсанында оқушылар сабақты қашықтан өттті. Десе де біздегі білім беру мекемелері мен оқушылар үшін онлайн оқу үлкен сынақ болғанын жасыра алмаймыз. Әсіресе шалғай елді мекендерде интернет желісінің жоқты үлкен мәселе тудырды. Енді бірер айда мектеп оқушыларының жазғы демалысы аяқталып, жаңа оқу жылы басталғалы тұр. Ашығын айтқанда бідің қоғамға өткен көннен сабақ алып, қашықтан білім беру ісіне сақадай-сай болу аса қажет. Осыған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бей-жай қарамай, бейнебайланыс жүйесі арқылы өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, мәселені дер шағында қозғады. Министрліктен балалардың 1 қыркүйектен бастап қалай оқитынын сұрап, оқу жылына дайындық барысын пысықтаған еді. Жиын барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалу керектігін айтып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықталуын тапсырды.

– Үкіметке жыл соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды. Қашықтан оқыту кезінде инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелер туындады. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады», – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Жалпы, қашықтан оқыту ісінде күрмеуі шешілмеген көптеген мәселенің болғанын бүгінгі уақыт дәлелдеп бергені ақиқат.  Сол үшін біздің білім саласы қаншама қиындықтар туындаса да,  нақ осы жолды таңдауына мәжбүр. Осы орайда айта кер бір жайт, Білім және ғылым министрлігі нақты Мемлекет басшысы жасаған сын-ескертпелерден нәтиже шығарып, іске қызу кіріскені абзал. Биылға дейін ұстаздың қарсы алдында отырып сабақ алған оқушылардың ішінде кейбір сынып балаларының жаңа оқу жылында тағы да компьютер мен смартфонға иек артып, «Balapan», «Еларна» секілді телеарналар арқылы білім алуы оңай емес. Себебі мүндай жағдай біздің тәжірибемізде болм аған еді.  Мұндайда қазақ «Көш жүре түзеледі» дейді. Бастысы мемлекет, қоғам болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Уақытша қиындықтар іске жқмыла кіріскенде ғана еңсеріледі.

Райкүл Омарова,

Ардагер ұстаз, Білім беру ісінің ұздігі.

Жамбыл ауданы.

ПІКІР