Маск Путинді әңгімелесуге шақырды

0 7

Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск Ресей президенті Владимир Путиннің Twitter-дегі парақшасындағы ресми аккаунтына екі тілде жүгініп, оны Clubhouse әлеуметтік желісінде сөйлесуге шақырды.

«Менімен Clubhouse-та әңгімелесуге қалай қарайсыз?», – деп жазды Маск Twitter-парақшасында, бұл жазбасында ол Ресей басшысының ағылшын тіліндегі аккаунтын (@KremlinRussia_E) белгіледі.

Кейін Маск Путинге орысша жазып, «сөйлесу үлкен мәртебе» болатынын мәлімдеді.

Clubhouse – тек аудио-хабарламаға арналған қосымша. Әлеуметтік желіде «бөлмелер» мен «кабинеттер» бар, қолданушылар онда әр түрлі тақырыпты талқылай алады, ал тыңдаушылар әртүрлі әңгімеге «кіріп», «шыға» алады.

 

Tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.