Диагноз

Медициналық көмекке жоғары мән беріледі

Written by Aray2005

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде қылмыс жасаған азаматтар ҚР қылмыстық кодексіне талаптарына сәйкес жаза мерзімін өтейді. Алайда осы бас бостандығынан айырылған азаматтар қайта қоғамға оралады. Осы орайда, сотталғандарды қайта оралғанда отбасыларына дені сау етіп жіберу мекеменің медициналық қызметкерлерінің алда тұрған міндеттерінің бірі.

Сол себептен мекемкеге қайта келіп түскен сотталушы азаматтар Денсаулық сақтау ұйымдарына Халықты тіркеу регистірі аясында тіркеліп, осы медициналық ұйымдарының тәжірбиелі мамандарынан  қажетті кепілденген тегін медициналық көмек алады.

Бұл жұмыс ЖД-158/2 мекемесіндеде қарқынды түрде өткізілуде. Яғни мекемеге қайта келіп түскен сотталушы азаматтар Тараз қаласының №3 «Садыхан» ЖШС емханасына тіркеліп, тәжірбиелі мамандарынан қажетті кепілденген тегін медициналық көмек алады.

Жыл сайын наурыз-мамыр айларында  №3 қалалық емхана тәжірбиелі мамандарын таратып, медициналық-инструментальды әдісті қолдана отырып профилактикалық тексерістер өткізу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, денсаулықтарында қандайда бір ақау анықталған жағдайда қосымша тексерістер тағайындалып, ем-дон жасалады. Қажетті жағдайда науқастанған сотталған азаматтардың келісуімен арнайы емдеу мекемелерінне стационарлық ем қабылдауға жолданылады. Бұл іс-шара  мекеменің медициналық қызметкерлерімен үнемі жасалып тұрады.

ЖД-158/2 мекемесінің медициналық бөлімі

ПІКІР