Медициналық көмектің сапасы қандай?

0 2

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс аптасын кезекті рет Тараз қаласын аралаудан бастап, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

«АСАР» сауықтыру-оңалту кешені «Мамыр бауы»-ның аумағындағы ғимаратқа көшуде. Қазір ескі ғимаратта қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
– Кешеннің басты міндеті – балаларды ғана емес, ересектерді де қоғамдағы толыққанды өмірге дайындау. Жаңа ғимарат барлық санаттағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы әрі жайлы болуы тиіс, – деді аймақ басшысы.
Кешенде релаксацияға арналған бөлмелер, емдік денешынықтыру, логопед, психолог, әлеуметтанушы кабинеттері болады. Сондай-ақ, жеке кабинетте «Инватакси» диспетчерлік бөлмесі ашылады.
– Демеушілердің арқасында біз өз ғимаратымызды сатып алу мүмкіндігіне ие болдық. Біз сондай-ақ қолдау көрсеткені үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Өңір басшысы құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысын жеке өзі қадағалауда, – деді «АСАР» сауықтыру-оңалту кешенінің директорының орынбасары Әйгерім Дәулетбаева.
Кешенде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істей алатын жеті шеберхана ашу жоспарлануда. Ғимараттың жанында аквапарк салынуда.
– Мүгедектерді оңалту, оқыту, жұмыспен қамтитын жүйелі жұмыстарды жолға қою керек, – деп атап өтті аймақ басшысы. Кешен басшылығы болашақта күндізгі стационар қызметтерін ғана емес, тәулік бойы стационарлық көмек көрсетуді де жоспарлап отыр. Ал қаладағы «ARAI-ELITE» жеке элиталық мектеп-гимназиясының құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. Нысан жақында пайдалануға беріледі.
«ARAI-ELITE» – аймақтағы алғашқы ақысыз білім беретін жекеменшік мектеп. Төрт қабатты ғимарат 1025 оқушыға арналған. 40 кабинет, компьютерлік сынып, химия, физика және биология зертханалары, акт залы, асхана бар. Сондай-ақ футбол және баскетбол алаңдары салынбақ.
Сонымен қатар облыс әкімі барған келесі нысан – «ARAI» медициналық орталығын қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға таяу. Бас дәрігер Айдарбек Әбдіғалиевтің айтуынша, медициналық орталықтың бір бөлігі қалыпты режимде жұмыс істеуде.
– Бірінші қабатта емхана, екінші және үшінші қабаттарда аурухана орналасады. Қазір палаталарда бес-алты науқас жатыр. Болашақта бір палатада 2-4 адамнан болады. Медициналық орталық заманауи жабдықтармен жабдықталуда. Жақында цифрлы рентген аппаратын сатып алдық, – дейді ол.
Бердібек Сапарбаев «ARAI» үлгілі медициналық орталыққа айналуы керектігін атап өтті.
Сондай-ақ облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевке жеке емханалардың қызметін тексеріп, олардың өз міндеттемелерін қалай орындап жатқандығын анықтауға тапсырма берді.
– «ARAI» медициналық орталығының қызметкерлері аянбай еңбек етіп, басқа жеке клиникаларға үлгі болуы қажет. Біздің басты міндетіміз – халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, – деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.