Мемлекет тарапынан қабылданған əрбір шешімді қолдап, қуаттаймыз

0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елде орын алған жағдайға байланысты кезекті мəлімдемесін жариялады. Мəлімдемеде қауіпті вирус елімізде кең жайылып кетпеуі үшін бар жағдай жасалып жатқандығын атап өтті. Рас пандемия басталғалы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау айрықша. Бұл биліктің халыққа деген пейілі зор екендігін дəлелдеп берді. Ел Президенті адам денсаулығы ең бірінші орында екенін тағы бір еске салып, əрбір азамат назардан тыс қалмайтынына сендірді. Оны іс жүзінде дəлелдеп келеді де. Қаншама миллиардтаған қаржы осы бір індетпен күресуге жұмсалып жатыр. Ол өз нəтижесін беруде.
Карантин режимі бізге əлі қажет. Себебі аты жаман аурудың елімізде таралуы бəсеңдемеді. Осыны ескерген билік 11 мамырға дейін карантин режимін ұзартты. Біз көзі ашық, көкірегі ояу халық ретінде мемлекет тарапынан қабылданған əрбір шешімді қолдап, қуаттаймыз!

Шу ауданының Қайырымдылық қоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.