Мемлекеттік нышандар ұлықталды

0 0

Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы кітапханасында «4 маусым  – Рәміздер күні» атты іс-шара өткізілді. Шараға арналып «Рәміздер – ұлттық мақтанышы» кітап көрмесі әзірленді. Бұл көрмеге тақырыпқа арналған өлең шумақтары, көптеген мерзімді басылым беттерінен мәліметтер қойылды.

Салтанатты шараға әскерге жақында ғана шақыртылған жас сарбаздар қатысты. Ұйымдастырушалар тарапынан оларға тәуелсіздік айшықтайтын мемлекеттік рәміздердің ел өміріндегі елеулі орны жайында мол мағлұмат берілді. Өз кезегінде ел шекарасын күзетуге жауапты қастерлі борышына жақында ғана кірісіп, жауынгерлік сапты толықтырған Әділжан Өзебай, Ильзат Шамиев, Әділ Жұман, Ернар Жұмахан тұшымды ойларымен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.