Мемлекеттік рәміздерге құрмет – басты міндет

0 3

Ағымдағы жылдың 2 маусымында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының үйлестіруімен мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

 

Облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек төрағалық еткен жиында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуы және қолданылуына жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы қаралды.

Зерделеу нәтижесі туралы облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Жамангөзов баяндады.

Негізгі зерделеу жұмыстар Тараз қаласы мен аудандардағы жергілікті атқарушы органдар мен білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласына қарасты 178  мекемеге  жүргізілген. Тексеріс барысында аудан әкімдіктерінің ішкі саясат, білім бөлімдерінің және полиция басқармаларының қызметкерлерінен арнайы инспекциялық топ құрылып, бірқатар кемшілік анықталған. Кемшіліктер бойынша дер кезінде түзету жұмыстары жүргізілген.

Ал Мемлекеттік туды теріс ілу бойынша Тараз қаласы, Сарысу ауданының Жаңатас қаласы және Жамбыл ауданында орын алған  деректер кемшілік орын алған сәтте бірден түзетіліп, жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылған.

Сонымен қатар отырыс барысында облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Жамалов білім мекемелерінде Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жұмыстары бойынша баяндаса, Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Садубаев және Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Н.Нұралиев аудандарда атқарылған жұмыстар барысын сөз етті.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Д.Кәрібек мемлекеттік мекемелер және ұйымдардың басшыларына Мемлекеттік рәміздердің жай-күйін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін латын графикасындағы «QAZAQSTAN» сөзімен жазылған Мемлекеттік елтаңбаларды ауыстыру жұмыстары мөрлер мен ресми құжаттарда жүргізілетіндігін, бұл бағыттағы жұмыстарды уақытылы аяқтау қажет екендігі туралы нақты тапсырмалар жүктеді.

 

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.