Қазақстан халқы ассамблеясы

«Менің әрбір жеңісім Қазақстанға арналады»

Written by Aray2005

Зульфия Габидуллина,
Паралимпиада чемпионы:

– Бұл – Елбасының басшылығымен тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Мен ең алдымен барлық отандастарыма алғыс айтқым келеді. Менің әрбір жетістігіме қуанып, денсаулығым үшін уайымдайтын жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Және менің жаттықтырушым Саттар Бейсембаевқа үлкен сенім артқаны үшін әрі бір сәт тыным бермей дайындағанына алғысым шексіз. Әрбір адамның бағындырған белесі оның тек өзіне ғана емес, жанындағы жақсы адамдардың қамқорлығының нәтижесі. Сондықтан ел өміріндегі осы күн мен үшін аяулы және қастерлі мереке. Дегенмен қиын қыстау кезде өзгеге қорған болған дархан көңіл қазақ еліне мың рахмет. Қасиетті қазақ жеріне біз әрқашан қарыздармыз. Сондықтан менің әрбір жеңісім Қазақстанға арналады.

ПІКІР