Мерекемен қатар жеткен қуаныш

0 0

Қазақстан Журналистер Одағының Жамбыл облыстық филиалы Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге құрмет көрсетті.

Шара аясында ұйымның мүшелігіне жаңадан қабылданған бір топ нәзік жанды аруларға куәліктер салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың, филиал төрағасы Дәулет Төлендіұлының Алғыс хаттары мен алқызыл гүл шоқтары ұсынылды.

Жылы жүзді жүздесуде аймақтық филиалдың төрағасы, облыстық «ARAI» жастар газетінің директор-бас редакторы Дәулет Төлендіұлы, филиал төрағасының орынбасарлары Бекнұр Сатыбалдиев, Тұрсынбек Сұлтанбеков, Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының директоры Хамит Есаман сөз сөйлеп, әріптестер қауымына ақжарма тілегін арнады. Өз кезегінде ұйымның қатарына қабылданған арулар да ізгі лебізімен бөлісіп, ризашылықтарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.