Руслан Нұрсипатов Меркі ауданының әкімі болып тағайындалды

0 29
Бүгіннен бастап Руслан Маратұлы Нұрсипатов Меркі ауданының әкімі болып тағайындалды.
Аудан активінің жиналысында жаңа әкімді таныстырған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгінге дейін ауданды басқарып келген Мейірхан Азатұлының атқарған жұмыстарын жоғары бағалап, оған адал қызметі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, жаңадан келген әкімге сәттілік тілеп, жемісті жұмыс істеуіне тілектестік білдірді.

 

Айта кетейік, Нұрсипатов Руслан Маратұлы 1967 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Алматы технологиялық техникумына түсіп, 1989 жылы бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылыдың желтоқсан айында Қордай аудандық тұтынушылар одағының нан шығаратын цехында слесарь болып бастаған. 2004 жылдың наурыз айынан 2009 сәуір айына дейін Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, 2011 жылдың желтоқсан айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Қордай ауданының Почта байланыс торабының басшысы, сондай-ақ Қордай аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының төрағасының бірінші орынбасарының қызметін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.