Жамбыл адалдық алаңы

Меркі ауданында сервистік әкімдік ашылды

Written by Aray2005

«Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұсынысымен мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Меркі ауданы әкімдігі ғимаратының 1 қабатынан «Сервистік әкімдік» ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев, жоба қызметкерлері қатысты.

56 шаршы метрді құрайтын орталықта аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол көлігі, автомобиль жолдары, ауылшаруашылық, облыстық инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару, цифрландыру орталығының Меркі аудандық бөлімшелері орналасып, халыққа қызмет көрсетеді.

Сервистік әкімдік арқылы ауыл тұрғындары консультативті көмек алып, түйткілді мәселелерінің шешімін таба алады.

Ашық, қабырғалары әйнекпен қапталған орталықтар арқылы атқарушы орган өкілдері жергілікті тұрғындарды алдын-ала тіркемей-ақ, аптаның белгіленген күндері кез келген уақытта қабылдайды.

ПІКІР