Жамбыл жаңалықтары

Меркідегі қос ауылдың аумағы кеңейеді

Written by Aray2005

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Меркі ауданына барып, ондағы әлеуметтік нысандар мен шаруа қожалықтарын аралады.
Өңір басшысы алдымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аумағын кеңейту жоспарланған Ақтоған ауылында болды. Қазір мұнда 60 гектар жерге инженерлік-инфрақұрылым салу жұмыстарын қолға алған. «Ая Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа көшеге асфальт төсеп жатыр. Жалпы жоба бойынша ауылда 10 жаңа көше пайда болып, Ақтоған ауылының аумағы 60 гектарға ұлғаймақ. Жоба құны 112,5 миллион теңгені құрайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР