Sport

Меркілік желаяқ ел чемпионатында алтын алды

Written by Aray2005

Үстіміздегі жылдың мамыр айының 15-17 айының күндері аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатта  «Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеңіл атлетика бөлімінің спортшысы Казим Джамалов 3 шақырым қашықтыққа кедергімен жүгіріп, І орынды иеленді. Жас спортшы 10:06:49 минут уақыт көрсетті. Казимнің жаттықтырушысы – Д. Иванчуков.

Меркі ауданы №18 БЖСМ

ПІКІР