"Заң және біз"

Мойынқұм ауданының бас полицейі тағайындалды

Written by Aray2005

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиевтің 3.04.2019 жылғы №537 ж/қ бұйрығына сай Кунчашев Ертай Иманбайұлы Мойынқұм ауданының полиция бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды.
Е. Кунчашев 3 қазан 1967 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылында дүниеге келген. Полиция полковнигі.
1984 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына түсіп, 1984 -1986 жылдар аралығында әскерге аттанып, Ауған Республикасының аумағында өзінің интернационалдық борышын атқарған. Ауған соғысындағы ерліктері үшін 2 мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және тағы басқа да наградалармен марапатталған.
Әскерден соң қайта оқуын жалғастырып, 1991 жылы оқуды аяқтады. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне сырттай оқуға түсіп, 1996 жылы «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
1990-2002 жылдар аралығында Жамбыл облысы ішкі істер басқармасы ішкі істер мемлекеттік автоинспекцияның инспекторы, жол патрульдік қызметі мемлекеттік автоинспекцияның жол патрульдік полиция взводының командирі, жол патрульдік қызметі мемлекеттік автоинспекцияның жол патрульдік полиция баталонының командирі, Қордай аудандық ішкі істер бөлімі тіркеу — емтихан қабылдау бөлімшесінің бастығы, Жамбыл облысы ішкі істер басқармасы жол патрульдік қызметі мемлекеттік автоинспекцияның баталонының командирі, есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Ал 2002-2016 жылдар аралығында Т.Рысқұлов, Қордай аудандық ішкі істер бөлімдері бастықтарының орынбасары, Тараз қалалық ішкі істер басқармасының қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, әкімшілік полиция бөлімінің бастығы қызметтерінде болды.
2016 жылдан бері Тараз қаласының полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.

ПІКІР